Мақсат пен міндеттері

Мақсаттары мен міндеттері:

Сенім телефоны бар медициналық-психологиялық көмек қызметінің мақсаты-халықтың психологиялық денсаулығын сақтау үшін жағдай жасау, қиын өмірлік немесе дағдарыс жағдайында қалған адамдарға психологиялық қолдау көрсету.
Сенім телефоны бар медициналық-психологиялық көмек
қызметінің міндеттері:
1) халыққа психологиялық көмек көрсету;
2) психокоррекциялық жұмысты жүзеге асыру (сұраныс
бойынша, кәсіби құзыреті шеңберінде);
3) психологиялық проблемаларды шешуде балаларға,
жасөспірімдерге, ата-аналарға және халықтың басқа да
санаттарына консультациялық, психологиялық,
психотерапиялық көмек көрсету.
4) халықтың психологиялық мәдениетін арттыру, халықтың
психикалық денсаулығын сақтау үшін жағдайларды кеңейту
мақсатында әдістемелік және ағартушылық жұмыстар
жүргізу.
5) денсаулық сақтау және білім беру ұйымдары
қызметкерлерінің психологиялық құзыреттілігін арттыру.
6) облыстағы кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің
жағдайына үнемі мониторинг жүргізуді ұйымдастыру.

Всего комментариев: 0