Емхана құрылымы

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ

Телефонмен  кеңес беру,  қазіргі кезде  ол белсенді түрде дамып және жақсарды, дүние жүзіне танымал болды. Біздің адамдар үшін, психологиялық көмектің осы түрі  өзекті болып табылады: әр адамның өміріндегі елеулі өзгерістері, айналамыздағы елдің саяси-әлеуметтік және экономикалық өзгерістері, адамның  физикалық және психикалық денсаулығына деструктивті әрекет етуі мүмкін. Адамдардың денсаулығында  мінез-құлықтарында  және қарым-қатынас жағдайында ауытқуы болып тұрады.      Психосоматикалық аурулар саны артып, маскүнемдік және нашақорлық ауыратын науқастардың саны баршылық. Ажырасулар көптеп кетті.  Қылмыс пен жұмыссыздық мәселелері әлі де өзекті мәселе болып табылады. Осы және басқа да себептер бойынша, көптеген адамдар психологиялық қолдау қажеттігін сезінеді.

Жоғары айтылып, кеткен мәселелерге Телефон арқылы көмек көрсете алатын Шұғыл Психологиялық Көмек қызметі өзінің ішіндегі күйзелістерімен бөлісетін сұқпаттаушыны, яғни психологпен кеңесіп эмоционалдық күйзелістен шығуға қажет.

Телефон арқылы психологиялық көмек артықшылықтары.

Біріншіден – Телефон тәулік бойы күнделікті жұмыс істейді, қол жетімді, және бетпе-бет психологпен кездесуге мүмкіндік болмаған жағдайда, ішіндегі күйзелісімен бөлісе алады.
Екіншіден-  Сенім телефоны арқылы кеңес алу  тегін.  Психолог немесе психотерапевт жеке кеңестерін алу қалтаны қағатыны анық. Дағдарыс орталығында барлық кеңес қол жетімді және тегін.
Үшіншіден-  Хабарласқан адам туралы мәліметтін барлығы құпия сақталады.  Қоңырау шалған адам  есімін,  орналасқан жерін, айтуға міндетті емес. Айтлыған әңгіме де құпия болып қалады

Психологиялық кеңес кабинеті.

Кеңес – тұлғаралық қатынастардан туындаған,  әр түрлі психологиялық мәселелерді шешу үшін  тікелей адамдармен әңгімелесу арқылы  жұмыс жүргізіледі. Психолог өзінің арнайы кәсіби  және ғылыми білімін қолданып, кеңес алушы адамға психологиялық мәселесінің шешу жолдарын табуға көмек көрсетеді.
Психологиялық кеңес, психикасы бүтін адамдарға тұлғалық өсімін ашуға бағытталған.

Всего комментариев: 0