“Менің өмірімдегі күйзеліс; оны жеңу жолдары”

19.04.2021 ж. Сенім телефоны бар медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы Е. А. Глотова  Павлодар қ. № 25 ЖОМ оқушыларымен “Менің өмірімдегі күйзеліс; оны жеңу жолдары” атты тренинг өткізді.

Кездесуде күйзелісті жағдайларды сау жолмен жеңу дағдыларын қалыптастырудың маңыздылығы атап өтілді. Жасөспірімдер “эмоционалды күйзеліс” және ” күйзеліс ” ұғымдарымен, оның түрлері мен фазаларымен танысты. Адам өміріндегі ең стресстік жағдайлар және стрессті жеңудің әртүрлі тәсілдері талқыланды.

Жаттығуларды орындау арқылы оқушылар өздерінің эмоционалдық жағдайын түсінуге және сипаттауға тырысты. Сонымен қатар, жасөспірімдер өмірдегі қиындықтар кезінде қолдана алатын өзін-өзі реттеу әдістерін үйренді.