Білім беру мекемелерімен өзара байланыс

Білім беру мекемелерімен өзара байланыс

 

09.04.2021 ж. Сенім телефоны бар медициналық-психологиялық көмек қызметінің психологы С.Г. Шиман Павлодар жоғары басқару колледжі мен Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінің ата-аналарымен “Жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқының алдын алу” онлайн-кездесуіне қатысты.

Кездесудің негізгі мақсаты балалар мен жасөспірімдердің суицидтік мінез-құлқы мәселелерінде ата-аналардың психологиялық-ағартушылық деңгейін арттыру болды. Маман балалар арасындағы суицид мәселесінің өзектілігі туралы айтып, ата-аналарды суицидтің негізгі себептерімен таныстырды. Сондай-ақ, балалар мен жасөспірімдердегі депрессия көріністерінің ерекшеліктері талқыланды, олар көбінесе суицидтік ойлардың пайда болуының негізінде жатыр.

Қорытындылай келе, егер  балаларының міңез-құлығын қауіпті деп тапса, ата-аналарғы ұсыныстар мен іс-қимыл алгоритмі айтылды.